БІР ЖЫЛ ІШІНДЕ БІРЛЕСТІК АТЫНАН 65 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛҒАН

Уақыты: 26.12.2020
Оқылды: 802
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәжіліс залында брифинг өтті. Онда «YERKIN» өнер академиясы мен Алматы облысы ауыл жастарының одағы жастар қоғамдық бірлестігінің жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды жиын өтті.

Шара барысында сөз алған «YERKIN» өнер академиясының төрағасы Дәурен Берікболов:

- Биыл «Еркін Өнер Академиясы» жастар қоғамдық бірлестігімен 2 жоба жүзеге асырылды. 6 ауданға барып NEET санатындағы жастарға және девиантты мінез-құлықтың алдын алуға арналған кездесулер өткіздік. Алматы облыстық полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағын жабдықтау мақсатында 500 дана жилет, футболка, кепка, куәлік табысталды, ­­­­­- деді. Сонымен қатар, Алматы облыстық полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағының үздіктері іріктеліп, марапатталғанын айтты.

Осыдан кейін сөз алған Алматы облысының ауыл жастарының одағы жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рахат Санатұлы Алматы облысындағы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Алматы облысында жас еріктілер қозғалысын дамыту» мен «Алматы облысы әкімінің Кубогы үшін Талдықорған қаласында «Жайдарлы Жетісу» республикалық КТК фестивалін өткізу» жобалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарын айтты. Аталмыш жоба бойынша «Жетісу еріктілері» қозғалысын дамытуға арналған түрлі тақырыпта семинар-тренинг өткізілген.

Жалпы, семинарға 600-ден астам жастар тартылған. Әлеуметтік жағдайы төмен 65 отбасына азық-түлік себеттері берілген. Сонымен қатар, үздік еріктілер диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталған.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ