БАЛЫҚ АУЛАУҒА ШЫҚҚАН ЕКІ АЗАМАТТЫҢ АВТОКӨЛІГІ СУҒА БАТЫП КЕТТІ

Уақыты: 30.12.2020
Оқылды: 1146
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының құтқарушылары әуесқой екі балықшының бірін құтқарды. Екі балықшының көлігі мұз жарығына кез келіп, суға батып кеткен. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Анықталғанындай, екі ер адам 28 желтоқсанда "Уаз" автокөлігімен Аягөз өзенінің сағасынан Балқаш көліне балық аулауға аттанған. Мұз үстімен шамамен 5 шақырым жүріп өткен автокөлік көлде пайда болған мұз жарығына құлаған. Машинаның алдыңғы бөлігі суға батып кеткен. Бұл учаскеде ұялы байланыс болмағандықтан, ер адамдардың бірі, 1989 жылы туған азамат жақын маңнан көмек сұрау үшін жаяу аттанған.

Көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлама Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне 29 желтоқсан күні, сағат 09.22-де келіп түсті. Шақыру орнына 1989 жылы туған ер адаммен бірге Сарқан ауданы Лепсі ауылынан құтқарушылар аттанды.

Оқиға орнына келген бойда мұздың тарағаны және көліктің батып кеткені, сонымен қатар, көліктің жанында 1979 жылы туған азамат оқиға орнында болмағаны анықталды. Құтқарушылар ер адамды іздеуге кірісіп, оны үш сағаттан кейін аман-есен тапты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"