АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КҮН КҮРТ СУЫТЫП, -30 ГРАДУСҚА ДЕЙІН АЯЗ ТҮСЕДІ

Уақыты: 31.12.2020
Оқылды: 1939
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті дауылды алдын ала ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 2021 жылғы 1 қаңтар, сағат 21.00-ден 2 қаңтар, сағат 21.00-ге дейін Алматы облысында ауа температурасы күрт төмендеп, -20-25 градус аяз күтіледі. Аяз Алматы облысының солтүстігінде (Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандары) -30 градусқа дейінгі көрсеткішпен сақталады.

Алматы облысының төтенше жағдай департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан