САРҚАН АУДАНЫНДА ЖОЛАУШЫЛАР АВТОБУСЫ БҰЗЫЛЫП, 37 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 01.01.2021
Оқылды: 841
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Алматы-Өскемен" автожолында жолаушылар автобусы қалып қойып, 37 адам эвакуацияланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Төтенше жағдай кешкі уақытта болған. "Алматы-Өскемен" автожолының 414-нші шақырымында "Алматы-Үржар" бағыты бойынша жолаушылары бар "Setra" маркалы автобусы сынып қалды.

Алматы облысы төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің күшімен автобус салонынан Сарқан қаласына 37 жолаушы (барлығы ересектер) эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Шақырту орнына Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің (4 қызметкер және 2 бірлік техника), Сарқан қаласының трассалық-медициналық құтқару пунктінің кезекші бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), Сарқан қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (3 қызметкер және 1 бірлік) барды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан