АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЯЗДА ЖОЛДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН 12 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 05.01.2021
Оқылды: 913
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалдарының хабарламасы бойынша сағат 10.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, бұрқасын, нөлдік көріну) "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолында (84-184 шақырым аралығы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылған еді. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Алдымен Алматы облысының ТЖД белгіленген тәртіпте халықты СМС-таратылымдар, БАҚ және әлеуметтік желілер, сондай-ақ, "Дәрмен" мобильді қосымшасы және ТЖД ведомстволық интернет-ресурсы арқылы хабардар етті. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі қызметтер ақпараттандырылды. Азаматтар мен автомобильдердің автожолының жабық учаскесіне кіруін және өтуін болдырмау мақсатында Алакөл ауданының жол полициясы қызметкерлері екі блок бекетті (Көктұма ауылы және Достық станциясы жағынан) қоюды ұйымдастырды. Қыс мезгілінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жедел әрекет ету үшін Алакөл ауданы  төтенше жағдай бөлімінің жауапты қызметкері және Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының Ақши ауылы құтқару бөлімшесі Көктұма бекетінің блогына (84 шақырымындағы) жіберілді.

Қабылданған шаралармен қатар, 4 қаңтарда Алматы облысы ТЖД құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге шықты. 4 қаңтар күні сағат 11.00-де "Үшарал-Достық" (Ырғайты учаскесі) тас жолының 95-нші шақырымында қар құрсауында 3 жүк көлігі қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, онда 3 жүргізуші болған.

Құтқарушылармен ұялы байланыс арқылы байланысқан жүргізушінің айтуынша, аталған жүк көліктері автожолдың жабылуына дейін осы учаскеге шамамен 2021 жылғы 3 қаңтарда сағат 23.00-де кірген. ТЖД қызметкерлері көлік құралдарынсыз жүргізушілерді эвакуациялауды ұсынды, бірақ жүк көліктерінің жүргізушілері эвакуациядан бас тартты. Автожолдарды қар құрсауынан тазарту үшін ауданның жол қызметкерлері оқиға орнына жіберілді, алайда қатты боран мен нөлдік көрінудің салдарынан автожолды тазалау мүмкін болмады және жол қызметтері кері қайтты.

Кейінірек сағат 15.30-да бірнеше келіссөздерден кейін және автокөліктерде жанармай қатып қалғаннан кейін жүргізушілер эвакуациялауға келісті және құтқарушылар оларға көмекке кетті.

Құтқарушылармен бірге алғашқы машина ("Вахтовка" КАМАЗ) Көктұма бекетінің блогынан шықты, құтқарушылар келген соң қар басып қалатын учаскенің басына онда нөлдік көріну және кей жерлерде қар құрсауының биіктігі шамамен 2-3 метр екені анықталды.

Осыған байланысты Алматы облысы ТЖД базасында құрылған штаб шақыру орнына қосымша күштер мен құралдарды жіберуге шешім қабылдады: Орал базасында "ТРЭКОЛ" қарлы-батпақты, "Шнекоротор", жалпы шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 8 қызметкері мен 3 бірлік техникасы және "Қазақавтожол" ЖШС-нен 2 қызметкер мен 1 бірлік тиегіш-техника шықты.

Ауа райы жағдайына байланысты (боран, нөлдік көріну, жел, екпіні 30 м/с-қа дейін, ауа температурасы -30 градус аяз, кей жерлерде қардың биіктігі 2-3 метр) іздеу жұмыстары мен автожол бойынша қозғалыс өте қиын болды, орташа қозғалыс жылдамдығы 1-2 шақырым/сағ құрады.

Қабылданған шаралармен және арнайы техника мен жабдықтарды қолдана отырып, құтқарушылардың күш-жігерінің арқасында қар құрсауында қалған азаматтар тек 5 қаңтарда таңертең табылды.

Құтқарушылар тобы оларды сағат таңғы 07.40-та 3 жүргізушіні қауіпсіз жерге эвакуациялады. Сонымен қатар, 5 қаңтар күні сағат таңғы 04.00-де Қаратал ауданында Талдықорған қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы "Сарыкөл" учаскесінде "Исузу" маркалы жеңіл автокөлігі қар құрсауында қалып қойды, оның салонында 5 адам (барлығы ересектер) болды. Құтқарушылар күшімен (3 құтқарушы және 1 бірлік техника - "Вахтовка" КамАЗ), сағат 06.30-да аталған азаматтар Талдықорған қаласына эвакуацияланды.

Достық станциясының №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері сағат 21.20-де ШҚО аумағында (Достық-Мақаншы жолының 55-нші шақырымында) Жалаңашкөл станциясы ауданында қар құрсауынан 2 жүк автомашинасы шығарылды, салонында эвакуациялаудан бас тартқан 4 адам болды.

Барлық құтқарылған және эвакуацияланған адамдар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүруіңіз қажет.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"