"ADAL" ПАРТИЯСЫНА ҚАБЫЛДАНҒАНДАР САНЫ 300 МЫҢ АДАМҒА ЖЕТТІ

Уақыты: 06.01.2021
Оқылды: 1048
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«ADAL» партиясының мүшелігіне қабылданғандар саны 300 мың адамға жетті. "Бұл - үгіт-насихат жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп жатқандығының басты көрсеткіші", - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

20 күн ішінде (10-30 желтоқсан аралығында) елдің барлық аймақтарында партия мүшелері халықпен 4216 кездесу өткізді, оған 95 мың адам қатысты.

Оларды өткізу қорытындысы туралы партия Саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев айтты. «Біз азаматтардың партияның алға қойған міндеттерін түсінгендігін аңғардық. Өйткені, бағдарламамыз аймақ тұрғындарының нақты ұзақмерзімді проблемаларына негізделген. Депутаттыққа кандидаттардың әр кездесуінен кейін ондаған адам партия қатарына кіруге ниет білдіруде. Бұл – азаматтардың бізге сенім білдіргендігі, «АДАЛ» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдағандығы», - деді ол.

Соңғы уақытта жаңа партия мүшелерінің саны күрт өсті. Науқан басталғанға дейін партия мүшелерінің саны 53 мың адамды құрады. Бүгінде олардың саны 6 есеге өсіп үлгерген.

"Біз "естуші мемлекет" қағидатын ұстанамыз, сондықтан бірінші кезекте тұрғындардың проблемалық мәселелеріне назар аударамыз. Мұндай мәселелердің ауқымы өте кең - тұрақты ауызсудың жетіспеушілігінен бастап жұмыссыздық пен жолдардың нашар жағдайына дейін қараймыз. Проблемалық мәселелер кездесулер кезінде ғана айтылып қоймайды, сонымен қатар, adalpartiyasy.kz сайтында да қаралады", - делінген партия хабарламасында.

Айта кетейік, аталған партия сайтына ондаған, аптасына 350-ге дейін өтініш түседі, сайтқа барлығы 2201 сұрақ келіп түскен. Олардың көпшілігіне жауап берілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан