АЛМАТЫДАН 65 ШАҚЫРЫМ ҚАШЫҚТЫҚТА ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ ОШАҒЫ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 09.01.2021
Оқылды: 1070
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым қашықтықта (Қапшағай өңірі) жер сілкінді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі мәлімдеді.

Аталған мекеме 9 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша таңғы 9:18 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 65 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 8.9. Жер сілкінісі ошағының координаттары - 43.79°с.ш.76.79°в.д. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер дүмпуі Қазақстан аумағында толық сезілмеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан