ТАЛДЫҚОРҒАН АВТОБУСТАРЫ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТЕГІН ТАСЫМАЛДАЙДЫ

Уақыты: 09.01.2021
Оқылды: 694
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сайлау күні талдықорғандықтар қоғамдық көліктің барлық түрімен тегін жүреді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"2021 жылы 10 қаңтарда, жексенбі күні, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні Талдықорған қаласында қоғамдық көлік тұрғындар үшін толығымен тегін болады", - делінген Талдықорған қаласы әкімдігі таратқан ресми хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"