ТАЛДЫҚОРҒАНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУГЕ ӨТІНІШ ЖАСАҒАН

Уақыты: 10.01.2021
Оқылды: 626
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласы бойынша 187 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірген.

«Бүгінгі күні Талдықорған қаласы бойынша 187 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірді. Олардың саны тағы өсуі мүмкін. Бұл тұрғындардың үйіне сайлау комиссиясының жылжымалы жәшігі жеткізіледі», - деді Талдықорған қаласы бойынша сайлау комиссиясының хатшысы Маржан Мэлс.

Ресми өкілдің ақпаратына сәйкес, қазір Алматы облысының орталығында 58 сайлау учаскесі бар. Ал сайлаушылардың саны - 129 641 адам. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекованың айтуынша, бүгінгі күні жалпы талдықорғандықтардың саны - 178 200.

"ҚАЗАҚПАРАТ"