САРҚАНДА 110 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ ӘЖЕ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 10.01.2021
Оқылды: 762
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарқан ауданында ғасыр жасаған Белдеубай Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай, өз дауысын берді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Сарқан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

110 жасқа келген Алтынхан апа ақ бастасын беріп, сайлаудың келешек үшін маңызды екендігін айтып өтті.

- Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдаумыз керек. Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсадық. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей-жай қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін, - деді қарт ана.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға аудан бойынша 28 мыңнан астам сайлаушы өз дауыстарын бермек.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"