БИДАЙДЫ ЖЫЛДАМ СЕЛЕКЦИЯЛАУДЫ ЗЕРТТЕП ЖАТЫР

Уақыты: 17.09.2024
Оқылды: 135
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу университетінің ғалымы Қанат Ермекбаев Орталық Азия мемлекеттерінде шығарылған бидайдың генетикалық кодын анықтап, жылдам селекциялау жолдарын зерттеп жатыр.


Ол ҚР ғылым және жоғары білім министірлігінен 2024-2026 жылдарға қаржыландырылатын «Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу» тақырыбында грант иеленді.

Жас ғалым осы жоба аясында Орталық Азия бидайының Толық Геномдық Генетикалық (Whole Genome Sequencing) мағұлматтарын алып, зерттей бастады. Сондай-ақ, Орта Азия бойынша алғашқылардың бірі болып ЖУ базасында құрылған «Speed Breeding» платформасы кеңейтіліп, «Ұшқышсыз Ұшу Аппараты» қолданылатын болады.

Маңыздысы, «Speed Breeding», яғни жылдамдатылған селекция технологиясының толық әлеуеті ғалымдарымызға бір жылда 6 рет өнім алып, еліміздегі дәнді-дақылдардың селекциясын айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді.

«Белгілі бір ортаға бейімді сұрыпты шығару үшін 14-12 жыл уақыт кетеді. Бұл деген ұзақ уақыт, өте көп ресурсты талап етеді. Ал мен зерттеп жатқан терең генетикалық талдау аталған уақытты 6 есеге дейін қысқартады»-дейді Қанат Ермекбаев.