Freedom Telecom жылдамдығы 30 есе жоғары жаңартылған Wi-Fi 7 технологиясын іске қоспақ

Уақыты: 19.09.2024
Оқылды: 59
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Wi-Fi 7 стандартындағы жетілдірілген Wi-Fi-ды Қазақстанда пайдалануға рұқсат берді. Бұл туралы Freedom Telecom баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның айтуынша, жаңа Wi-Fi 7 технологиясы қазір бірнеше жерде қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ 1 қазаннан бастап барлық пайдаланушы қоса алады.

Жаңа Wi-Fi қай жерде бар?

Freedom компаниясы алдағы үш жылда Қазақстанның 13 қаласында 37 000-нан астам жаңа Wi-Fi 7 нүктелерін орнатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта интернеттің сапасын келесі мекенжайларда тексеруге болады:

  • Астана – әуежай;
  • Астана – «Хан Шатыр» СОО;
  • Алматы – әуежай;
  • Алматы – Esentai Mall алаңы;
  • Алматы – Есентай өзені;
  • Алматы – Тереңқұр;
  • Қонаев – Орталық парк;
  • Қонаев – Орталық жағажай;
  • Тараз – «Көне-Тараз» тарихи-мәдени орталығы;
  • Тараз – Орталық парк;
  • Алматы облысы – Көлсай көлі.

Мысалы, Алматыда Тереңқұр бойымен Wi-Fi бір шақырымға дейінгі жерде қосылады. Көлсай көлі аймағында бұрын байланыс мәселесі қиындық тудыртатын, енді ол жақта Wi-Fi бар.

Қосылу барлық нүктеде тегін, бірақ қауіпсіздік мақсатында қоғамдық Wi-Fi-ға қосылу үшін телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет.

Сондай-ақ Freedom Telecom жақында халықаралық Wi-Fi Альянсына мүше болды. Компанияның басқарма төрағасы Қайрат Ахметовтің айтуынша, GSM және Wi-Fi Альянсы арқылы олар шетелдік сарапшылар қауымдастығына және өндірушілермен байланысқа қол жеткізе алады, бұл жұмысты жақсартуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Freedom Telecom бұған дейін Wi-Fi 7 жаңа технологиясын пилотты сынақтан өткізген еді. Компания Қазақстан нарығында кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ірі қалаларда Wi-Fi желісіне ашық қол жеткізу мүмкіндігін дамытуда. Компанияның филиалдары Астана, Түркістан, Шымкент, Өскемен, Атырау, Семей, Ақтау, Алматы, Қонаев және Тараз қалаларында орналасқан.