Жетісу облысында азық-түлік бағасы қалай тұрақталуда?

Уақыты: 19.09.2024
Оқылды: 51
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облысында бағаны тұрақтандыру үшін тауар өндірушілермен 21 мың тонна аста көлемінде 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша келісім-шарттар жасалды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жетісу» ӘКК департаментінің директоры Бақтияр Сембековтың айтуынша, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде тұрақтандыру қорын қалыптастыру және кәсіпкерлік субъектілеріне «айналым схемасы» схема бойынша жеңілдікті несие беру жұмыстары жүргізілуде. Осы тетіктерді іске асыруға соңғы 2 жылда 9,2 млрд.  қаржы қарастырылды. Тауар өндірушімен 22,1 мың тонна сомаға 19 түрлі СҰҚТ түрі бойынша келісім-шарттар жасалды. Оның ішінде 263 мың бөлке әлеуметтік нан, 452 тонна бірінші сұрыпты ұн, 15 мың тоннадан астам қант, 668 тонна күріш, 19 тонна мүйіз, 568 мың литр күнбағыс майы, 62 тонна қарақұмық, 4 тонна ас тұзы, 3 тонна тауық еті, 4,4 млн. дана. 1 санатты жұмыртқа, 150 тонна сиыр еті, 233 тонна сүт өнімдері және 4654 тонна көкөніс өнімдері бар, – деді Б. Сембеков.

Көрсетілген мерзімде кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беруге 8 млрд. теңге бөлінді. Бұл «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы фермерлерден азық-түлік өнімдерін кейіннен нарық бағасынан төмен бағамен сату үшін белгіленген бағамен келісім-шарт жасауға мүмкіндік берді.

– Биыл 32 гектар жерге картоп ектім. 130 тонна егіннің келісін 120 теңгеден сатамын. Өйткені көктемде «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамынан 0,01 пайызбен несие алдым. Бұл өте қолайлы болды. Себебі пайыздық мөлшерлемесі аз. Сондықтан бір айдың ішінде бүкіл несиені жабуды жоспарлап отырмын, –  дейді Көксу ауданындағы шаруа қожалығының жетекшісі Қизат Әбиров.

Көкөніс өсірумен айналысатын шаруа қожалығының менгерушiсi төрт жылдан берi әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациясымен қоян қолтық жұмыс жасап келедi. Онын айтуынша, шаруашық 10 гектардан 400-500 тонна сабіз алады.

Жалпы, келiсiмшартқа отырған қасыпорындардың iшiнде Ақсу қант зауыты, жұмыртқа құс фабрикалары, сүт зауыты, наубайхана, бiрқатар шаруа қожалық пен мал бордақылау аландары бар. Маусымдық көкөнiстер қараша-сәуiр айларында сатыла бастайды. Бұл жұмыс әлеуметтік дүкендер мен сауда нүктелері арқылы жүзеге асады.

Айта кету керек, осы кезеңде Жетісу өңірінде 5 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. «Жерұйық» коммуналдық базары мен «Көкбазар» сауда үйінде әлеуметтік сауда нүктелері халыққа қызмет көрсетуде.

Бұл сауда орындарында сатылатын тауарлардың бағасы нарық бағасынан орта есеппен 10-15 пайызға төмен. Мысалы, бүгінде дүкен сөрелерінде 1-санаттағы жұмыртқаның құны 460 теңгеден, күнбағыс майының 1 литрі 510 теңге болса, күріштің келісі 340 теңге,  1-сортты бидай ұнының келісі 180 теңге ал ас тұзы 60 теңгеден аспайды. картоп – 190, пияз – 110, сәбіз – 160 теңгеге бағалануда.

 

Фото: pinterest.com