"Чак-чактың тәтті өнімдері

Уақыты: 01.06.2016
Оқылды: 2007
Бөлім: ЭКОНОМИКА

 

Талдықорған қаласындағы «Чак-чак» атты дүкенде тәтті тоқаштың небір түрі саудаланады. Ал олар негізінен өздерінің цехында әзірленеді. Басшысы Айгүл Сыдықова мемлекеттік қолдаудың арқасында дүкенге қажет қондырғылар мен кондитерлік өнім өндіретін жаңа құрылғыларға қол жеткізген.

 

Айта кетейік, «Сыдықов» жа­уап­­кер­ші­лігі шектеулі серіктестігі 2014 жылы «Биз­нестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағ­дарламасы ая­сында «ВТБ» банк ар­қы­лы қол жет­кізген 15 миллион теңгеге ал­ды­­мен қа­жетті қондырғылар мен бо­­­лашақ дүкен ғимаратын сатып ала­д­ы. Бүгінде осы дүкен цехында нан-тоқаш пен тәтті­лердің небір тү­рі пісіріліп, бірден сө­реге қойы­ла­ды. Көпшілікке ұсы­ны­латын тәт­ті­лер­ге тек отандық шикізат қана қол­­данылады. Кәсіпкер келін­шек­тің айт­уын­ша, ол тәттілер пі­сіруді ба­­ла жасынан жақ­сы көріпті. Оған ана­сы себепкер болған.

Сондықтан болар, оның бұл істе тә­жірибесі мол әрі сауда саласында бір­аз жылдар еңбек еткен. Кейіннен атал­ған іске деген құлшынысы ар­тып, нә­тижесінде осындай орын­ның ашы­л­уы­на ықпалын тигізген. Айгүл Ниет­қы­зының бизнеспен ай­на­лы­сып, кәсібін жандандыруға не­гі­зі­нен отбасы мен «Даму» қоры­ның көп көмегі тиіпті. Бүгінде кә­сіп­орын­да оннан аса адам тұрақ­ты жұ­мыспен қамтамасыз етіл­ген. Дәмді өнімдерге де сұраныс аз емес кө­рі­неді. Сұраныс көбейген сай­ын ең­бек­керлер қатары да толыға тү­су­де. Цех­та жұмыс іс­тей­тіндердің ба­сым бө­лігі өз ісінің ше­бер­лері.

Білікті мамандар жаңадан кел­гендерге бар білгендерін үйретіп, тә­жі­рибелерімен бөлісуді де назар­дан тыс қалдырмайды. Сөйтіп, ауыз­бірлігі жа­рас­қан ұжым өз жұ­мыстарын жан­дан­ды­руда. Әсі­ре­се, олар санға емес, са­паға көп мән бе­реді. Сол себепті жаңа піскен өнім­дер дүкен сө­ресінде ұзақ жа­тып қал­май, тез өтіп кететін кө­рі­неді. Кә­сіпкер келіншектің алға қой­ған жо­ба-жоспарлары да ұшан-теңіз. Ал­дағы уақытта өнім түрін еселеп, өн­діріс ауқымын кеңейту жоспарға алын­ған.

Айгүл Байбосынова