"ЖҮКҚҰЖАТ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ": ТАУАР ТАСЫМАЛЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Уақыты: 26.02.2020
Оқылды: 1676
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың енгізілуін қарастыратын Салық кодексінің 176-бабы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенін хабарлайды.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаты (ТІЖ) – бұл тауарлар қозғалысына бақылау жасауға арналған құжат, оның ішінде, этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты, мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты.

Салық кодексінің 176-бабына сәйкес салық органдары:

1) Қазақстан Республикасының аумағымен тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;

2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;

3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде ТІЖ-ді ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

ТІЖ-ді ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде - тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде - тауарлар еркін айналысқа шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннің алдындағы күннен кешіктірілмей;

3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей туындайды.

ТІЖ-ді ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, ресімдеу тәртібі мен ТІЖ нысаны «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ, "Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығымен бекітілген. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда №19784-нші болып тіркелген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды