САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА: ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІ ҮШ ЖЫЛДЫ ҚҰРАЙДЫ

Уақыты: 29.02.2020
Оқылды: 1479
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 48-бабына сәйкес, талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен жүзеге асыратын салық төлеушілерге бес жылды құрайтынын хабарлайды.

Үш жылды құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтардан пайда болған салықтық міндеттер мен талаптарға қолданылады.

Салық кодексінің 48-бабында көзделген алып тастаулар мен ерекшеліктер бойынша ережелерді есепке ала отырып, салықтық міндеттемелер мен талаптар бойынша 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, алып тастаулардан басқа. Осыған байланысты көрсетілген норманы әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында тиісті түзетулер бастамашылық етілді.

Түзетулер әлі қабылдынған жоқ және енгізілген жоқ.

«Қазақстан Республикасының Салық Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер қолданысқа енгізілгенге дейін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған салықтық міндеттеме мен талап бойынша, Салық кодексінің 48-бабында көзделген алып тастаулар мен ерекшеліктер бойынша ережелерді есепке ала отырып, талап қоюдың үш жылдық ескіру мерзімін қолдану қажет. Ал салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Сурет ғаламтордан алынды