КҮРЕҢБЕЛДЕ КҮРМЕУІ ШЕШІЛГЕН ІС КӨП

Уақыты: 14.09.2024
Оқылды: 254
Бөлім: САЯСАТ

Құт-береке дарыған іргелі өңірлердің бірі – Кербұлақ ауданы. Бірлігі мен берекесі жарасып, ырысы тасыған аудан орталығына облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ жұмыс сапарымен ат басын бұрды. 7 айдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері не тоқталып, Кербұлақ ауданын дамыту бағытында қабылданып жатқан шара лар мен алдағы жоспарлар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Шешімі қиын мәселелері бойынша аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді.


ӨТІНІШ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Бейбіт Исабаев алдымен Са рыөзек ауылында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын көрді. Алдымен жаңа емхана ғима ратына барып, маңызды әлеумет тік нысан құрылысының сапасын тексерді. Бұл емхана бір ауысымда 250 адам қабылдай алады. Мекеме қазан айында пайдалануға беріледі. Қазір медициналық жабдықтары орнатылып, жиһаздары қойылуда. Мердігер ұйымның атқарған жұмысын оң бағалаған Бейбіт Исабаев барлық қажетті талапқа сай келетін осындай заманауи мекемеде аудан халқы сапалы медициналық қызмет алатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, жақын арада құрылысы аяқ талатын 60 пәтерлі 5 қабатты үйдің жұмысымен танысты. Көп ұзамай тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары санатында ғы отбасылар қоныстанатын пәтердің құрылысы өте сапалы. Әзірге мұнда қимыл-қозғалысы шектеулі азамат тар үшін кіреберістерге көтергіштер орнату жұмысы ғана қалған. Аймақ басшысы аудан әкіміне тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың тапсы рылу мерзімін, құрылыстың сапасын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін қадап айтты.

Әдеттегідей кезекті кездесу қоғамдық қабылдаудан басталды. Алғаш болып қабылдауға кірген аудан белсендісі Гүлмира Жа натаева Шаған ауылының кірме жолын жөндеу қажет екенін айтты. Қазіргі таңда бұл жұмыспен «Кон солидированная стройтельная гор норудная компания» ЖШС айна лысуда. Облыс әкімі келер жылы айтылған мәселе толық орында латынын жеткізді. Кербұлақтық тұрғын Халида Жоламанованы баспана мәселесі алаңдатады. Айтуынша, 2018 жылы баспана кезегіне тіркелген. Бірақ жақын арада баспанаға ие болмасы анық. Аймақ басшысы өңірімізде мем лекеттік үй қорынан баспана беру тек заң шеңберінде шешілетінін айтып, аудан әкіміне мәселенің басқа да шешу жолын қарасты рып, көмек көрсетуді тапсырды.

Мұнан соң облыс әкімінің қабыл дауында Азамат Ақылбеков мәсе лесін айтты. Ол Ш. Уәлихановтың 190 жылдығына арналған мерейтой қарсаңында зиратының басына күмбез орнату жөніндегі ұсынысын жеткізді. Аймақ басшысы: «Бірнеше жылдан бері баса көңіл бөлінбей келе жатқан Ш. Уәлихановтың музейіне республикалық бюджет тен арнайы қаржы бөлініп, музей ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Экспозициясы заман талабына сай қайта безендірілді. Мұның өзі үлкен жұмыс. Сіздің ұсынысыңыз да орынды. Бірақ дәл қазіргі таңда бұдан да маңызды жол, су, құры лыс сынды жұмыстар бар. Десе де өтінішіңізді аудан әкімдігіне, мәдениет, архивтер және құжат тама басқармасының жауапты мамандарына тапсырамын», – деді.

«Жоламан қиыршық тас» зауы тының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері Әсия Бектемисова осы зауыт есебінен берілген үйдің құжаттарын заңды рәсімдей алмай жүргенін айтып, көмек сұрады. Малайсары бекеті, Орталық көшесінде орналасқан үйде 275 тұрғын тұрғанымен, еш бірінің құжаты жоқ. Тіпті, тіркеуге да отырмаған.

Облыс әкімі мәселенің мән-жай- ын түсініп, істің оңынан шешілуі үшін аудан әкімдігіне, аудандық сот төрағасына, аудан прокурорына, энергетика және тұрғын үй-комму налдық шаруашылық басқармасына, сәулет және қалақұрылыс басқар масына, «Жоламан қиыршық тас зауыты – Integra Construction KZ» ЖШС, Кербұлақ аудандық ХҚКО филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Кербұлақ аудандық бөлімінің мамандарымен бірлесіп, мәселенің оңынан ше шілуін тікелей қадағалауды облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевқа тапсырды.

Жалпы, аймақ басшысының жеке қабылдауына жазылған азаматтар дың барлық өтініш-тілегі тыңдалып, сұрақтар да өз шешімін тапты. 

ТОҚМЕЙЛІСУГЕ БОЛМАЙДЫ

Аудандық Әбікен Сарыбаев атын дағы Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу жалғасты. Облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жос парлары туралы айтты. Жиында өңірдің және ауданның даму жайын таразылады. Жалпы, облыста экономикалық өсу бар. Еліміз бойынша Жетісу облысы көш бастап тұр. Аймақ басшысы көрсет кішке тоқмейілсіп отыратын кез емесін, өңірді өрістету жолында аянып қалмау керегін алға тартты.

– Мемлекет басшысы Жолдауын да елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру мақсатында алдымызға бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Бұл өз кезегінде еліміздің, соның ішінде Жетісу облысы экономи касының жаңа жағдайда уақыт тала бына сай дамуына серпін береді. Өткен жылы облыстың экономикалық өсуі 112 % болды. Бұл – облыстар арасында жоғары көрсеткіш. Ауылшаруашылы ғында өсім 2,9 %, өнеркәсіпте 2,1%, тұрғын үйді пайдалануға беру 19,5%-ды құраса, құрылыс жұмыстары 1,3 есеге және сауда көлемі 31,4%-ға өсті. 1,5 есе өсіммен 188,2 млрд. теңге инвес тиция тартылды. Ауылшаруашылығы саласына 13,1 млрд. теңге инвестиция тарта отырып, жыл соңына дейін 10 жаңа нысан іске қосылады, 3 нысан кеңейтіледі. Өңдеу өнеркәсібінде биыл 7 нысан пайдалануға беріліп, жұмыс істеп тұрған 5 нысан толық қуатына шығарылады. Тоқтап тұрған күнбағыс майын өңдейтін «Агрокомплекс Жетісу Мажико» кәсіпорны іске қосылды, – деді облыс басшысы.

Жалпы, Кербұлақ ауданы – ауылша руашылық саласын дамытуға қолайлы, аграрлық бағыттағы өңір болғандықтан облыс экономикасына айтарлықтай үлес қосуда. 7 айдың өсімі бойынша ауылша руашылығы саласының көрсеткіші 2,6 пайызды құраған. Бұл аудан ауылша руашылығы дақылдарын егу жағынан алдыңғы қатарда екенін білдіреді. Биыл мұндағы егіс алқабы 113,9 мың гектарға артқан. Облыстағы жалпы егістіктің 33,2 пайызын құрайды. Қазіргі уақыт та астық жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Себілген масақты дәнді дақылдардың 75 пайызы жиналған. Әр гектарына 22,4 центнерден өнім алыну да. Бұл – жақсы көрсеткіш.

– Суармалы жерлерді тиімді пай далану үшін облыста су шаруашылығы нысандарын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта ауданның коммуналдық меншігінде 2 су қоймасы мен 9 су тоғаны бар. 2023 жылы «Ма тай» су тоғанын жаңғырту жұмыс тары аяқталып, 500 гектар ауылша руашылығы мақсатындағы жерлердің суаруы жақсартылды. Құны 196,2 млн. теңгеге шыққан жұмыс нәтижесін беріп, халық игілігін көруде. Сонымен бірге «Еңкөл» және «Аралтөбе» су қоймалары мен магистралдық арна ларын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып 3 мың гектар жерді суару жақсартылды. Жалпы құны 686,7 млн. теңгеге Талдыбұлақ тоғанының жөн деу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс көлемі 45%-ға орындалып, жыл соңына дейін толық аяқталады. Су үнемдеу тех нологиясын қолдану мақсатында 2023 жылдан бастап Жоламан суару масси вінде 1300 гектар жерге жаңбырлатып суғару технологиясы қолданылуда, оның 600 гектары биыл іске асырылды. Ат қарылған іс те, жетістік те жоқ емес. Жақсы жұмыс жүргізіліп келеді. Бірақ тоқмейілсуге болмайды, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

ЖАҚСЫНЫ КӨРМЕККЕ

Мал шаруашылығын дамытуда елімізде кешенді жұмыстар ат қарылып жатыр. Бұл істен кербұлақтық шаруалар да тыс қалған емес. Мәселен, биылғы 7 айда ауданда ірі қара мал 134%-ға, ұсақ мал 117,8%-ға, жылқы басы 119,1%-ға артқан. Қазіргі уақытта ауданда 6 сүт фермасы жұмыс істеп тұр. «Агрохолдинг – Жетісу» ЖШС-нің ірі сүт-тауар фермасын салу инвести циялық жобасы іске асырылмақ. Егер жоба сәтті жүзеге асса 60 жұмыс орны ашылмақ. Алайда аудан бойынша мал бордақылау алаңдарын пайдалану көр сеткіші 30 пайыз ғана. Облыс әкімі бұл көрсеткішті жоғарылатуды аудан әкі міне табыстады. Ал ауылшаруашылық техникаларын жаңартудағы жетістік көңіл қуантады. Биыл 1,2 млрд. теңгеге 79 техника сатып алынған. Жалпы, ау дан бойынша 2 мың 816 бірлік техника тіркелген.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өткен жылы 281,4 млн. тең ге сомасына 52 шағын несие берілсе, биыл 226,3 млн. теңгеге 29 өтінім түскен. 167,7 млн. теңгеге 22 өтінім мақұлданған. Облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы аудан әкіміне ауылша руашылығы басқармасымен бірлесіп, ауылшаруашылық тауарларын өңдеу кәсіпорындарын ашу бойынша нақты шаралар қабылдауды және жоспар ланған көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырды.

Өңірде осы кезге дейін ветеринария саласының жұмысында салғырттық қатты белең алғаны жасырын емес. Адам саулығы үшін төрт түліктің амандығы ескерілмеді. Осы кемшілікті жою мақсатында ауданның ветеринария қызметін жақсартуға және іс-шараларға биыл 491,6 млн. теңге бөлінген. Өткен жылы Сарыөзек, Басши, Жоламан, Қа рашоқы ауылдарына 47,7 млн. теңгеге 4 модульдік ветеринарлық пункт салын ды. Осындай ветеринарлық пункттер жыл соңына дейін Алтынемел, Жайнақ батыр, Көксу және Шұбар ауылдық округтерінде пайдалануға берілмек. Сондай-ақ ауданға 2 арнайы автокөлік және тағы да басқа құрал-жабдықтар сатып алынған.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі жағынан ауданның облыстағы үлесі 10,2%-ды құрайды. Қаңтар-шілде айла рының аралығында 14,5% өсіммен 18,7 млрд. теңгенің өнімін өндіріліпті. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш анағұрлым жоғары. 

– Ауданда 18 өнеркәсіп орны жұмыс істейді. Оның негізгісі – «Алацем» це мент зауыты. Қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент өндіретін өнеркәсіпте 350 жұмыс орны бар. Бұл ауданның өнеркәсіп көлемінің 88,7%-ын қамта масыз етеді. Жыл басынан ауданға 14,4 млрд. теңгеге инвестиция тартылған. Көрсеткіш облыстың 7,6% үлесін алып отыр. Өткен жылдың тиісті есептік кезеңінен 30%-ға артық екенін ерек ше атап өткеніміз жөн. Ірі инвестор шоғырландырылған құрылыс тау-кен компаниясы жобасының құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Инвестиция көлемі – 1,3 трлн. теңге. Металлургия комбинаты 2027 жылы іске қосылып, 2 мың 230 жұмыс орны құрылады. Қазіргі инвестициялық жобаға қажетті жер учаскелері рә сімделіп, автомобиль жолын, электр желілерін, және байыту фабрикасын салу бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, биыл ауданда 20 жаңа жұмыс орнын құра отырып, құны 1,1 млрд. теңге болатын «ALACEM ENERGY» ЖШС-мен электр желілерінің құрыл құрылысы іске асырылады, – деді облыс әкімі. Аудан туризм саласын дамытуға қо лайлы аймақ. Бұл бағытта да жұмыстар тұралап тұрған жоқ. Басши ауылында жеке кәсіпкер «Технолаб» саяхатшылар үшін 20 орынды кемпинг ашқан. Көксу ауылдық округіндегі Көксу өзенінде 2024 жылдың соңына дейін «Рафтинг» демалыс аймағын және 2025 жылы Шаңғы базасын салуды жоспарлап отыр. Шағын және орта бизнес пен туризм саласын дамыту аудан экономикасының өсуінің негізі. Бұл бағытта ауданда қар қынды жұмыстарды жалғастыруды ау дан әкіміне кәсіпкерлік және индустрия лық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, ауданның барлық мүмкіндігін қарастыра отырып инвесторларды тарту жұмысын жандандыруды жүктеді.

ТҰРМЫС ЖАҚСАРАДЫ

Өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылым дарын жаңғыртуға да ден қойылмақ. Бүгінгі күні тұрғын үй кезегіне аудан бойынша 1 мың 627 адам тіркелген. Ке зекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалгерлік 60 пәтерлі тұрғын үй осы айдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға жыл соңына дейін 15 ауылдық округте 100 тұрғын үй сатып алынады. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде жыл дың соңына дейін аудан тұрғындарына 160 үй беріліп, тұрғын үй кезегі 4,4%-ға қысқарады.

– 2022 жылы кезекте тұрған 90 от басыға берілген 50 жеке тұрғын үйдің сапасы бойынша халықтың наразылығы болған. Азаматтар менің қабылдауым да да болды. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылды. Тиісті жөндеу жұмыс тары жүргізіледі. Аудан әкіміне аталған мәселені тікелей қадағалауды тапсы рамын. Қосымша тағы екі 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Оның бірі «Са мұрық-Қазына» ұлттық компаниясы арқылы салынып жатқан жалгерлік үй болса, екіншісі апатты үйлерде тұрып жатқан азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында салынуда. Бұл 2025 жылы қолданысқа беріледі. Ха лықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуде аудандағы 63 елді мекеннің 39-ы орталықтандырылған сумен қамтыл ған. Көптен бері шешілмей келе жатқан мәселе – Сарыөзек ауылының тұрғында рын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. 2008-2022 жылдар аралығында 1,5 млрд. теңгеге төрт кезек бойынша су жүйе лерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Өкінішке қарай, салынған 72 шақырым су жүйесі сапасыз жасал ған, қайтадан жасауға тура келеді. Су құбырларының орнына кәріз жүйесіне қолданылатын құбырлар салынған. 2023 жылы бюджеттен 214 млн. теңге бөлі ніп, жаңа ықшам ауданында 7 шақырым су құбыры ауыстырылды. Бұл мәселені түпкілікті шешу мақсатында биыл құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын 178,6 шақырым сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс-монтаж жұмыстарын бас тауға жергілікті бюджеттен 300 млн. теңге қарастырылып, шілде айында жұмыстар басталды. Келесі 2025-2026 жылдарға республикалық бюджеттен қаражат бөлінуін қарастырып, мәсе лені түпкілікті шешуіміз керек. Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовқа бұл сұрақты жеке бақылауға алуды тапсырамын, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Биыл Қарашоқы, Шаған және Қарымсақ ауылдарында сумен жабдықтау желілерінің құрылыстары аяқталды. Ай соңында толық су беріледі. 192 тұрғыны бар Ақбастау, 481 тұрғыны бар Тасты өзек, Қосағаш, Қазынсу ауылдарында жерасты суларының қоры анықталып, сумен жабдықтау жобалары әзірленді. Барлық жоба бойынша 2025 жылғы республикалық бюджетке өтінімдер берілді. Сонымен қатар, Онжас, Шан ханай, Көктал, Күреңбел, Көкбастау, Қарлығаш, Беріктас, Басши ауылдары және Малайсары стансысында жерасты суларының қорын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Су қоры анықталған соң құ рылыс жұмыстарына жобалар жасалып, республикалық бюджетке өтінім бері леді. Әр кезең бойынша атқарылатын жұмыс нәтижелі болса, аудан халқының көптен күткен күрмеуі қиын мәселесі де өз шешімін табады.

Жалпы, ауданда барлығы 63 елді мекен бар. Оның 26-сы газдандыруға жа тады. Сарыөзек ауылына тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін газ құбырлары тартылып, 452 тұрғын үй газға қосылған. Бұл ауыл тұрғындары ның 15%-ы ғана. 2025 жылдың соңына қарай ауданның газдандыруға жататын барлық 26 елді мекені табиғи газға қол жеткізуі тиіс. Сондықтан халықты табиғи газға қосу мәселесі бойынша жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Ауданның аумағынан 174 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары өтеді. Бұл жолдардың 70%-ға жуығы жақсы жағдайда. 2023 жылы жалпы ұзындығы 65 шақырым «Са рыөзек – Көктал» автожол учаскелері 37 мектептің материалдық-техника лық базасы, 6 мектептің кітапханасы жаңартылған. Былтырғы кездесуде Қаспан және Көксай ауылдарының тұрғындары мектепке ағымдағы жөн деу жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтып, өтініш білдірген. Халық үніне құлақ асып, биыл аталған ауыл мек тептерін жөндеу жұмысы жүргізілді. Мектебі жоқ 21 елді мекен тұрғында рының өтініші бойынша оқушыларды тасымалдау мәселесі шешіліп, Қаспан және Жоламан ауылдарына 49 млн. теңгеге 2 автобус сатып алынды.

Денсаулық сақтау саласында 2024 жылы облыс бойынша 27 блокты модульді медициналық пункт орнату жоспарланған. Оның 8-і Кербұлақ ауданына салынбақ. Бүгінгі таңда Онжас және Көксай ауылдарында екеуі орнатылып, ел игілігіне берілді. Қараша айына дейін Рудник-Арқарлы, Жоламан, Қарлығаш, Қазынсу, Қы зылмектеп, Тастыбастау ауылдарында 6 блокты-модульді медициналық пункт орнатылмақ.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылы сы Шанханай және Талдыбұлақ ауыл дарында басталды. Жергілікті бюджет қаражатынан Көксу ауылында дәрігер лік амбулатория салынуда. Құрылыс мерзімі 2025 жылдың екінші жарты жылдығында аяқталады. Нәтижесінде ауданның 28 елді мекенінде денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңартылады.

Сарыөзек ауылында 250 адам қа былдайтын емхананың құрылысы аяқталып, қазан айында қолданысқа берілмек. Аудандық аурухананың жұқ палы аурулар блогына күрделі жөндеу жұмыстары да қазан айында аяқта лады. Ал шілде айында Қызылжар, Қарағаш және Жайнақ ауылдарына 3 «Жедел жәрдем» көлігі берілген.

Жоламан ауылындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігі не қолдануда. Биыл 2020 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмай келген 320 орынды Қоғалы ауылдық Мәдениет үйінің де лентасы қиылды. Қарашоқы, Шұбар және Қоянкөз ауыл дарында Мәдениет үйлерінің құрылыс тары басталып, қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Қызылжар ауылында блокты-модульді спорттық кешен салынуда.

Жиын соңында аудан тұрғындары облыс әкіміне сауалдарын қойды. Атап айтқанда, баспана, жол жөндеу, ауыз су, тері-жүн өңдейтін зауыт мәселесі бойынша көмек көрсету сұралды. Ай мақ басшысы өз кезегінде нақты жауап беріп, құзыреттілерге тұрғындар мәсе лесінің түйінін тарқатуды тапсырды.

Кербұлақ ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Бейбіт Исабаев: – «Бірінші кезекте адал, ашық әрі нә тижелі жұмыс істеу керек. Бөлінетін бюджет қаражаты уақтылы және тиімді игерілуі тиіс. Сонда ғана халықтың се німі артады. Халық үніне құлақ асатын мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан атқарылған әрбір істің игілігін халық көруге тиіс. Үлкендердің алғысын алсақ, батамен көгеріп-көктесек қана елдің болашағы зор болмақ», – деді.

Еңлік КЕНЕБАЙ