ЖАУЫНГЕРЛІК ОҚ АТУДАН СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛДЫ

Уақыты: 17.09.2024
Оқылды: 143
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысы Қонаев қаласында 12-14 қыркүйек аралығында ҚР ІІМ және “Динамо” ДШСҚ ведомствоаралық XI спартакиада бағдарламалары аясында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша жарыс өтті. Жетісу облысының полицейі Ерлан Шалғымбаев аталмыш сайыста бірінші орынды иеленді.


Айтулы іс-шараға еліміздің 20 өңірінен өкілдік ететін ҚР ІІМ-нің 80 қызметкері қатысты.

Жетісу облыстық полиция департаментінің қызметкері Ерлан Шалғымбаев ең үздік қатысушылардың бірі болды. Ол ПМ-3 жаттығуында жоғары шеберлігін көрсетті. Қазақстан полициясы қызметкерлері арасында ұйымдастырылған XI спартакиадада көп ұпай жинаған Ерлан бірінші орынға ие болды.

Жарысқа төрелік ету ҚР Ішкі істер органдарының тәжірибелі ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Бауыржан Успановтың басшылығымен жүзеге асырылды.

Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығы мен әріптестері Ерлан Шалғымбаевты қызметте де, спорттық мансапта да одан әрі табысқа жететініне сенім білдіріп, жеңісімен шын жүректен құттықтады.