Жетісу облысында 5 жыл бойы алимент төлемеген азамат жауапкершілікке тартылды

Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 75
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының прокурорлары 5 жыл бойы алиментті қасақана төлемеген азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы облыстық прокуратура дерегіне сүйеніп. 

Мекеме таратқан ресми ақпарат бойынша борышкердің осы аралықта жиналған қарызы 2,6 млн. теңгеге жеткен.

«Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап (балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерін орындамау), ол сотқа жіберілді. Сот үкімімен борышкерге пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Расталған деректер бойынша, жыл басынан бері прокуратура шараларымен алимент төлемеген 206 адам әкімшілік жауапкершілікке, 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

Фото: pinterest.com-нен алынды