ӘСКЕРДЕГІ ӨЛІМ. ОФИЦЕРДІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 48
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті табылды.


Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі офицердің өзіне қол салғанын айтады.

"19 қыркүйекте Аягөз гарнизоны әскери бөлімнің офицерінің мәйіті жұмыстан тыс уақытта пәтерінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, офицер асылып қалған", – деп хабарлады гарнизон.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Әскери қызметкердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.