ШЕКАРАДАҒЫ ТЕМЕКІ КОНТРАБАНДАСЫ. 6,5 МИЛЛИОН ҚОРАП ТӘРКІЛЕНДІ

Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 64
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Маңғыстау облысында Түркіменстаннан әкелінген контрабандалық темекі партиясы ұсталды.


Қаржы мониторингі қызметкерлері мен көлік прокуратурасы, ҰҚК шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД контрабанданы анықтады.

Ұсталған автокөліктің жүкқоймасында темекі кораптары болған. Ал жолқұжаттарында басқа тауар деп жазылған. 

6,5 миллион қорап темекінің кедендік құны – 1,5 миллиард теңге, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар – 1,8 миллиард теңге.

Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Алайда департаменттер 201-бабына сәйкес, өзге ақпаратты бөлісуден бас тартты.