CIS ЕЛДЕРІНІҢ АККРЕДИТАЦИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫшы атанды.

Уақыты: 17.09.2024
Оқылды: 165
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Анар Шайымова CIS елдерінің аккредитациясы саласындағы тәуелсіз сарапшы атанды.


Бүгінгі таңда Зияткерлік мектептердің 20 өкілі аккредиттеу салсындағы тәуелсіз сарапшыларды дайындау бойынша Халықаралық Мектептер кеңесінде оқытудан өтті. Олардың қатарында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Анар Шайымова да бар.

Жыл сайын Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS) аккредиттеу саласындағы тәуелсіз сарапшыларды даярлау бойынша оқыту жүргізеді. Оқытуға тек CIS мүшелері болып табылатын мектеп қызметкерлері қатыса алады. 2015 жылдан бастап CIS-пен ынтымақтастық шеңберінде әлеуетті арттыру, халықаралық білім беру саласындағы білімді тереңдету, халықаралық тәжірибені зерделеу үшін ДББҰ мен Зияткерлік мектептердің 20 қызметкері аккредиттеуден өтіп, сарапшы ретінде даярланды. Оқытылған қызметкерлер қатарынан 12 адам CIS-тің Қазақстандағы және шетелдегі топтық сапарларына белсенді қатысады.⠀

Тренингке мәтіндік және бейнесабақтары бар модульдер, интерактивті форумдар, онлайн кездесулер және тренердің бақылауы мен бағалауындағы тапсырмалар енді. Оқу материалдары қатысушылардан өз мектептерінде жинақтаған білім мен тәжірибелерін дереу қолдануды талап ететін нақты сценарийлерді қамтыды. Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар қорытынды тапсырмаларды орындады, олардың нәтижелері бойынша CIS оқытылған қатысушыларды аккредиттеу саласындағы тәуелсіз сарапшылар ретінде бекіту және оларға сертификаттар беру туралы шешім қабылдады.⠀

Айта кету керек, бұл өткен жылы Талдықорғандағы НЗМ-нің үшінші оқытушысы, ағылшын тілі мұғалімдері Айнұр Рысбаева мен Наталья Енгай да халықаралық аккредитацияның тәуелсіз сарапшылар тобына іріктеуден сәтті өтті.