БІЛІКТІЛІК БЕЛ АСЫРАДЫ

Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 41
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Еліміздің кадрлық әлеуетін күшейіп, мұғалімдердің біліктілігі мен әлеуметтік мәртебесін арттыру мәселесі биылғы Жолдауда айтылды. Бұл – білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі әрі маңызды міндеттердің бірі. 


Елдің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын десек ең бірінші өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруге міндеттіміз. Әсіресе бүгінгідей ақпарат пен жаңа техниканың дамыған уақытында барынша жан-жақты білім алу аса маңызды. Көптеген халықаралық сарапшы бұған дейін озық ұлттық білім жүйелерінің алдында жас ұрпақты цифрлық дағдыларға үйрету міндеті тұрғанын жиі айтуда. Демек, біз қазіргі таңда оқушыларға жасанды интеллектімен жұмыс істеу дағдыларын үйретуіміз керек. Бұл елдегі білім беру саласындағы жаңа қадам. Сынаққа жауап, ең алдымен, отандық педагогтердің әлеуетін үздіксіз арттыру жүйесін тереңінен зерделеуді талап етеді. Педагогтер ортасында жастарды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа дағдыларын игерудің тұрақты қажеттілігін қалыптастыру маңызды.

Жалпы, әлемде қосымша заманауи білім қызметінің нарығы өсіп келеді. Сол себепті де көптеген ел жыл сайын педагогтердің біліктілігін арттыруға, ең алдымен олардың қосымша білім алуына миллиардтаған қаражат бөледі. Елімізде де мұғалімдерді тұрақты қайта даярлау жүйесін жетілдіру маңызды. Педагогтің жаңа педагогикалық дағдыларға қажеттілігі ескерілетін қайта даярлаудың қолайлы форматтарын іздеу және енгізу жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Оның іске асырылуының маңызды құрамдас бөлігі ұлттық техникалық және кәсіптік білімді реформалау жөніндегі шаралары болатыны сөзсіз. Сондай-ақ қазіргі замандағы еңбек нарығы үшін жұмысшы мамандарын даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйелі тәсілдерін айқындау және оны жүзеге асыру маңызды.

Сабыржан МҮЛКІБАЕВ, 
 кешкі ауысымды мектептің
тарих пәні мұғалімі 
Талдықорған қаласы