ӘСЕТТІҢ БЛОГЫ. ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Уақыты: 28.08.2024
Оқылды: 325

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында тұңғыш рет болатын «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне осыған дейін ел ішінде үш рет ұйымдастырылған жарыста екі мәрте қатарынан жеңімпаз болған жетісулық шабандоздар да қатысады. Әлемнің үздік жылқыларын анықтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан марафон-бәйгеге елімізден бөлек Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңстүстік Африка және Ресей елінен 20-ға жуық команда сынға түседі. Олар 3-7 қыркүйек аралығында ең алғаш жылқы қолға үйретілген Ботай қонысынан бастап, Астана аралығында жарыспақ (Қатысушылар 500 шақырымды бағындыруы керек).   


                                                                                           

7su.kz желілік басылымында арнайы «Әсеттің блогы» ашылып, онда командамен бірге жүрген әріптесіміз Әсет Бекбатыр әр күннен хабар беріп отырмақ. Ендеше біздің сайтты қарай жүріңіз, көпкүндік жарыстан хабардар болып отырыңыз.

«Ұлы дала жорығына» жолға шығар тұста Көксу ауданында ел-жұрт жиналып, Жетісу обылысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев бастап арнайы сәт сапар тіледі.  Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары «Биылғы «Ұлы дала жорығы» ат жарысы өзгеше болмақ, бүгінге 11 мемлекет шабандоздары қатысуға ниеттенген бұл додаға біздің «Жолбарыс» атты шабандоздар командасын салтанатты түрде жолға шығарып салдық. Осыған дейін Жетісу облысының «Жолбарыс» шабандоздар командасы жеңімпаз екенін барлығымыз білеміз, енді бұл додада да жеңіске жетеді деген үмітпен, жарыс өткенше тақымымызды қысып, сәттілік тілеп отырамыз» деді.

Петропавлға жолға шыққан команданың көңіл-күйі жақсы. Жылқылар да жоспар бойынша бапталды.