ӘСЕТТІҢ БЛОГЫ. ШАБАНДОЗДАР БАЛҚАШҚА ЖЕТТІ

Уақыты: 29.08.2024
Оқылды: 293

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында тұңғыш рет болатын «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне шыққан жетісулық шабандоздар Балқашқа жетті. 


Талдықорғаннан бастап 800 шақырымға созылған жолды артқа қалдырдық. Балқаш қаласына 09:20-да жетіп, жылқыларды түсіріп, оларды аунатып, жем-шөбін, суын бердік. Аттардың жағдайы жақсы, шабандоздардың да көңіл-күйі тамаша. 

Осыған дейін жетісулық шабандоздарды ел-жұрт сән-салтанатпен шығарып салғанын жазған едік. 

                                                                                               

7su.kz желілік басылымында арнайы «Әсеттің блогы» ашылып, онда командамен бірге жүрген әріптесіміз Әсет Бекбатыр әр күннен хабар беріп отырмақ. Ендеше біздің сайтты қарай жүріңіз, көпкүндік жарыстан хабардар болып отырыңыз.