КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ: ЖЕТІСУЛЫҚ "ЖҰМЫРТҰЯҚ" ЕКІНШІ КЕЛДІ

Уақыты: 13.09.2024
Оқылды: 367

Көшпенділер ойындары аясында бәйгеден жарыстар аяқталды. Жанкүйердің айызын қандырған аламан бәйгеде Сапарғали Сәтпаевтың "Айқабақ" тұлпары (шабандоз - Аңсар Арыстанбек) топ жарып, қазақ елінің бөркін аспанға атқызды. 

Екінші болып жетісулық шабандоз Хамза Марланұлы мінген "Жұмыртұяқ" келді. Ал үштікті Қырғызстаннан келген "Қарақыз" атты тұлпар (шабандоз - Нурэл Элесов) түйіндеді.