ЕЛ КҮТКЕН ФИНАЛ. ҚЫРҒЫЗДАР НЕГЕ РЕНЖУЛІ?

Уақыты: 14.09.2024
Оқылды: 271

Көшпенділер ойындары аясында өткен көкпардың финалын көпшілік тағатсыздана күткен. Астананың таңғы салқындығына қарамастан финал күні «Қаза натқа» ағылған жұртта есеп болмады. Шешуші сынды бәрінің көргісі келді. Ал финалда «әу» баста жұрт болжағандай Қазақстан Қырғызстанмен ойнады. Кез десу тартысқа толы болды.


ОЙЫН БАРЫСЫ. ЕКІ САЛЫМ ЕСЕПКЕ АЛЫНБАДЫ

Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңді. Бірінші салымды ойын басталған 1 жарым минут ішінде Ернат Мәлімбай салғанымен бірінші кезең қырғыз көкпаршы ларының басымдығымен аяқталды (6 және 14 минутта Қуанышбек Сұлтанұлы, 10 минутта Манас Ниязов салым салған). Олар 3:1 есебімен жеңіп жатқанда (ойынның аяқталуына 6 минут қалған) Қазақстан құрамасының ойыншысы Ұлан Байтөреев қырғыз Қуанышбек Сұлтанұлын қамшымен екі мәрте ұрып жібергені үшін екі минутқа «қаранарға» (ескерту аймағы) тұрды. Көкпардағы жайт- қа байланысты бас төреші Тастанбек Есентаев : «Ереже бұзылған сәтті 10 мәрте қарадық. Ойынның ішінде қамшымен ұрдық дегенді көрмедік. Бірақ бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы – біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Бірақ біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады», – деді. Төрешілер Ақылбек Қымызбаев, Ақылбек Меңдіғалиев, Арман Тұрашев және Бақытжан Кенжебеков бұл шешімді ұзақ кеңесіп (30 минуттан артық), көкпаршылардың да пікірін біліп, асықпай қабылдады. Уақыттың созылып кеткеніне наразы жанкүйерлер ысқырып та, айғайлап та алды. Ойын жалғасып, бірінші кезең аяқталар сәтте қырғыз Ерлан Толебековтың салымы есепке алынбады. Сол сәтті көргендер де, қайталау барысынан қарағандар да серкенің шеңберге толық түспегенін көрді. Ал екінші тайм басталғанда Өмірбек Есенұлы (Қырғызстан) көп арасынан суырылып шығып, жеке дара серкені шеңберге тастаған. Лақтырғанда дұрыс түспеген серке шеткі жақтауға түсіп, салым есептелмеді.

Екінші кезеңде Қазақстан құрамасының ойыншылары қарқын қосып, нәтижені еселеді. Есепті теңестіріп, асырып та тастаған (23-ші және 32 минутта Абылайхан Нышанбеков, 27 минутта команда капитаны Құрманбек Тұрғанбек салды). Алайда ойынның аяқталуына 30 секунд қалғанда Өмірбек Есенұлы (Қырғызстан) есепті теңестіріп (4:4), көкпаршылар негізгі уақытты толықтай түгесті. Ойын «алтын салымға» (қосымша уақыт қосылып, салым салғанша ойналады) ұласып, Қазақстан көкпаршылары өз дегендеріне жетті. Команда капитаны, «Әулиеатаның» ойыншысы Құрманбек Тұрғанбек «алтын салымның» иесі атанды. Құраманың жаттықтырушысы Ақылбек Манкеев ой ыннан кейін журналистерге берген сұхбатында: «Ойын соңғы секундтарға дейін тартысты өтті. Екі команда бір-біріне сай, өте жақсы дайындықпен келген. Басқасынан бұрын осы ойынды асыға күттік. Өздеріңіз байқағандай, бірінші кезеңде қырғыз бауырлар алға шығып, біздің жігіттер сәл төмендегендей болған. Бірақ, психологиялық тұрғыда жігіттеріміз күшті дайындығын көрсетіп, ойынды өз пайдаларына шешті», – деді.

Көшпенділер ойындары аясында өткен көкпардан жүлдегер болған командаларға арнайы ақша лай сыйақы табысталды. Мәселен, жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы 10 миллион теңге, 2-орын алған Қырғызстан құрамасы 6 миллион теңге, ал 3-орын алған Ресей құрамасы 4 миллион теңгенің сертификатын алды. Үздік ойыншы болған Манас Ниязов (Қырғызстан) 2 миллион теңге алды. Ма рапаттау салтанатына Қырғызстан құрамасы әрең шыққанымен мойындарына таққан медальді бірден шешіп, жеңімпаз команданың Әнұранын толық тыңдамастан кетіп қалды. Айта кетейік, көкпарға 9 мемлекет – Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия мен Түркия командалары келді.

"КӨРМЕЙ ҚАЛСАДА БЕЙНЕҚАТАЙТАЛАУ БАР" 

Екі елдің жанкүйерлері арасында әле уметтік желілерде пікір қайшылықтары байқалды. Ұлан Байтөреевтің қамшымен ұрып жіберуі де айтылып, назардан тыс қалған жоқ. Бұл жөнінде ұлттық спорттың дәріптеушісі болып жүрген әріптесіміз Ерлан Жаубай: «Ұланды жеке танитын адам ретінде, оның бұл әрекетке жайдан-жай бармағаны белгілі. Қырғыз бауырымыз дың тілі тиіп кеткен болуы мүмкін. Бәсеке болған жерде, әсіресе көкпарда мұндай жағдай болып тұрады. Ешкімнің басы жарылып, көзі шыққан жоқ. Біздің жігіт тер барын салды және таза жеңді», – деді. Одан бөлек, қырғыз тарапы екі салымды есепке алмағаны үшін наразылық білдірді. Ал финал жөнінде спорт саласында жазып жүрген Айдос Рымқұл: «Бүгінгі финал өз деңгейінде өтті. Анау айтқандай, ережелер де бұзылмады. Бас жарылып, көз шыққан жоқ. Көкбөріде қырғыз төрешілері басынан аяғына дейін қазылық етсе, көкпарда қазақ төрешілері қазылық етті. 100% объективтілік болмайды ешқашан. Адами факторлар да әсер етіп кетеді. Оның үстіне ипподромға жиналған халықтың қарасы көп, әр қадамды аңдып отыр. Көкпарда – қазақ, көкбөріде – қырғыз жеңді. Нейтрал аумақта да осындай болған (Түркия жерінде). Сондықтан біз екі спорттың басы бірікпей толық жағдайды көре алмайтын сияқтымыз. Нақты көкпар дың финалына келер болсақ, қырғыздар дың уәжі орынсыз. Олар шеңберге 2 рет салғанымен төреші санамай тастады, себебі шеңберге толық кірмеген. Қырғыздар осыны даулап жатыр. Қазандыққа кірмесе де сана майтын еді ғой, шеңберде де сол жағдай» деген пікір айтты. Көшпенділер ойынында 2018 жылы Қазақстан құрамасы жартылай финалда Өзбекстаннан жеңіліп, 2022 жылы Түркияда болған финалда Қырғызстанды 4:3 есебімен жеңген.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастап келген депутаттар финалдық ойынды соңына дейін тамашалады. Ал финал жөнінде ай тылып жатқан дауға қатысты депутат Мақсат Толықбай өзінің фейсбуктегі парақшасында: «Қатын өсекті қою керек. Қырғыз ағайындар «ойыншымызды қамшымен тартып жіберді» деп дау шығарып жатыр екен. Бас жарылып, көз шыққан жоқ қой. Қазақ ойыншысы айып алаңына қуылып, жазасын алды емес пе?! Көкпар жүректі, білектілердің ойыны. Шаңның ішінде аттың жығылып, көкпар шылардың тапталып қалғанын талай көрдік. Отқа май құйып, түймедейді түйедей етудің қажеті жоқ. Көкпаршы тұрмақ, жанкүйер мен бірге қамшының астында қалған кезді ұмытқан жоқпыз. Арыға бармай-ақ қояй ық… Расында мынадай сойқан көкпарды бұрын-соңды көрмеппін. Біздің жігіттер таза жеңді. Құтты болсын! Қазақстан чем- пион!» деген жазба қалдырды.

Журналистер алдына шығып, сұхбат берген Қырғызстан құрамасының бас бап кері Қаныбек Қубатов: «Бірінші тайм алға шыққанымызбен, екінші кезеңде қысым болды. Кей ойыншымыздың не үшін ескер ту алғанын да түсінбедік. Мен нәтижемен келіспеймін» – деп қысқа қайырды. Ал Ақылбек Манкеев болса: «Бүгінде төрешілер көрмей қалды деген әңгіме жоқ. Заман дамыған, техника озған. Бейнеқайталауды қарап шешім шығарып отыр. Ал, жігіттерге алғыс білдіремін. Жеңіске жету жолында аянып қалмады», – деді.

Серік ҚАНТАЙ