ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕ АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАР КҮН ЖАҚЫН

Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 47

Жетісу облысы әкімінің тікелей қолдауымен облыс орталығында үстел теннисіне арналған орталықтың құрылысы қызу жүріп жатыр. Орталық алдағы бір жарым айда қолданысқа беріледі. Бұл жөнінде құрылысты аралап көрген облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев айтты. 


- Бүгін тиісті мекеме қызметкерлерімен арнайы барып құрылыс барысымен танысып қайттым, нысанның ішкі құрылысын қарап, кабинеттер қалай орналастырылады, қандай жабдықтар қажет, басқада мәселелерді анықтап, ақылдасып алдық, деді өз сөзінде Марлен Қапашұлы.

Жақында ғана Орталық Азияда теңдесі жоқ волейбол орталығы ашылып, пайдалануға берілді. 

Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Дуанаев "2024 жылы 7 нысанның құрлысына 9,7 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі таңда волейбол орталығымен Текелідегі сауықтыру кешені ашылды. Алдағы уақытта қалған нысандар пайдалануға беріледі. Ал 2025 жылы Талдықорғанда көркем гимнастикаға арналған кешенмен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенін салу жоспарланған" деді. 

"Жетісу-Ақпарат"