Алып туындының жалпы аумағы – 2 736 шаршы метр. Бұл ерекше жоба Жеңістің 80 жылдығы мен Момышұлының 115 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Портрет фотомозайка форматында дайындалып, оның биіктігі 70 метрді, ал ені 32 метрді құрады. Әр пиксельдің өлшемі – 1 шаршы метр. Жобаны жүзеге асыруға елорданың шығармашылық ұжымдары, ұстаздар мен оқушылар белсене атсалысты.
Іс-шараға Қытай мен Үндістан елдерінен арнайы өкілдер шақырылып, рекорд орнату рәсіміне куә болды. Рекорд ресми түрде тіркелгеннен кейін ұйымдастырушыларға Гиннестің арнайы сертификаты мен медалі табысталды.
Бұл бастама қазақ халқының батыр ұлына деген шексіз құрмет пен жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі ретінде бағалануда.
«Жетісу-Ақпарат»