Елімізде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға Т12,3 млрд-қа жуық бөлмек, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл — 2 193 020; 2024 жыл — 2 476 399; 2025 жыл — 2 614 572; 2026 жыл — 2 551 029; 2027 жыл — 2 429 387», — деп мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т12 264 407 000.
Бюджеттік жобаның негіздемесі бойынша, шығыстар жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру (мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру) қызметін жүзеге асыруға, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын, қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асыруға, мемлекеттік басқарудың әдістемелік және ғылыми базасын құруға көзделеді.
Мақсаты — мемлекеттік қызмет саласында жоғары білікті кадрларды дайындау.
«Міндеттер: мемлекеттік қызметкерлердің академиядағы оқытудың сапасымен қанағаттану үлесі 2025 жылы – 94,3%, 2026 жылы – 94,4%, 2027 жылы – 94,5%, мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік тілде өткізілетін біліктілікті арттыру семинарларының және қайта даярлау курстарының пәндерінің үлесі 2025 жылы — 60%, 2026 жылы — 65%, 2027 жылы — 70%», — деп жобада жазылған.