«Ақсу ауданының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңдылықты сақтау жағдайын талдау барысында, ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заң талаптарын бұзып, бұрын сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған үш азаматқа тракторшы-машинист куәліктерін заңсыз бергенін анықтады», — делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде аталған үш куәлік тәркіленіп, күшін жойды. Қызметтік теріс қылық жасаған лауазымды тұлғаға мемлекеттік қызметті беделсіздендіретін әрекеті үшін толық емес қызметтік сәйкестік жарияланды.