Үш жүзден астам жас сарбаз туған жеріне адал қызмет етуге және Отанды қорғауға ант беріп, әскери өмірге ресми қадам жасады. Бұл – әрбір әскери қызметшінің өміріндегі ерекше әрі жауапты сәт.
Салтанатты шараға бөлім командирлері, әскери қызмет ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Қатысушылар жас шекарашыларға сәттілік тілеп, ел шекарасын қорғау жолындағы қызметтеріне зор абырой тіледі.
Әскери ант қабылдау — сарбаздың азаматтық өмірден әскери борышқа бет бұрғанын білдіретін маңызды рәсім. Бұл олардың ел алдындағы алғашқы ресми серті ретінде ерекше мәнге ие.
«Жетісу-Ақпарат»