Қазақстанда туристік жарна алып тасталды

Уақыты: 04.01.2024
Оқылды: 395
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда "туристік жарна" алып тасталды, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Туризм және спорт министрлігінің ресми мәліметіне сүйеніп.

"ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылады", - делінген хабарламада.

Биылдан бастап шетелдік туристер елде болғаны үшін салық төлеуден босатылады. Желтоқсанның аяғында күшіне енген бұйрық мөлшерлемені "болу құнының 0 пайызы" деңгейінде белгіледі.

Өзгерістер осы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов