Апокалипсистің белгілері

Уақыты: 21.01.2024
Оқылды: 553
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Гарвард университетінің физигі, климатологы және тұрақты даму жөніндегі маманы Аллен Эгон Чолакян жердің ішінде оның жойылуына әкелуі мүмкін апатты үдерістер жүріп жатыр деп санайды. 

Аллен Чолакян планетадағы катаклизмдердің динамикасын талдай отырып, осындай тұжырымдарға келген. «Жер төтенше климаттық және геодинамикалық құбылыстардың қарқынды өршу үстінде екені анық», – дейді ол. Сейсмикалық, жанартау, гидрологиялық, атмосфералық, гравитациялық және жылу ауытқуларының пайда болу жиілігі мен шамасының айтарлықтай өсуі байқалған. Сондай-ақ, ғалым мен оның әріптестері сейсмикалық белсенділіктің арту үрдісін атап өтті.

Жақында жер жүйесінің барлық қабатында бірқатар алаңдатарлық ауытқулардың бар екені анықталған. Жер ядросының кездейсоқ ығысуы мен тұрақсыздануы, планета айналуының спорадиялық және хаотикалық үдеуі, оның айналу осінің ығысуы орын алған. Бұл әлсіреу және магниттік өрістің типтік емес ауытқуларының пайда болуымен, атмосфераның жоғарғы қабаттары құрамының өзгеруімен қиындай түседі.

Аллен Чолакянның айтуынша, жердің көптеген нүктесінде байқалатын жанартау мен сейсмикалық белсенділік мұхиттардың жылу өткізгіштігін төмендетеді. Нәтижесінде соңғылары компенсаторлық және салқындатқыш тетік ретінде жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан. Ғалым бұл жағдайды алдағы апокалипсистің белгілері деп санайды. Оның есептеуінше, ол бірнеше жылдан кейін болады. Ал бұған жол бермеу үшін жер бетіндегі адамзаттың орнықты дамуының бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеп, бүкіл әлем бойынша ғалымдардың күш-жігерін жұмылдыру қажет.

– Бізге шұғыл түрде бір- ыңғай халықаралық ғылыми орталық құру қажет. Шын мәнінде осы мәселені шешу үшін жұмыс істейтін әлемнің үздік ғалымдарының халықаралық пәнаралық альянсын құру керек, – деп санайды ол. 

Ол жаңашыл ойлай алатын ең мықты және бүкіл адамзаттың мүддесі үшін ынтымақтасуға, әрекет етуге дайын адамдар қажет екенін айтады.


Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Фото: news.rambler.ru