Құлсарыда судан ер адамның денесі табылды

Уақыты: 10.04.2024
Оқылды: 373
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Атырау облысы Құлсары қаласындағы дүкендердің бірінің маңында судан ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Ақ Жайық басылымы.

Мәйітті төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері тапты. Облыстық полиция жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Құлсары қаласында табылған мәйіттің негізінде су тасқыны қорымды шайып кеткені туралы хабарланды. Табылған мәйіттің су тасқыны кезінде жоғалып кеткен іздеуде жүрген әке мен балаға қатысы жоқ, – деп хабарлады полиция.

Қазір қала сыртындағы екі зират су астында қалды.