Талдықорғанда «Таза бейсенбі» тазалық шарасы өтті

Уақыты: 05.07.2024
Оқылды: 234
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Таза бейсенбі» акциясы аясында жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өтті.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған игі бастамаға Талдықорғандағы әрбір мекеме, кәсіпорын және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері қатысып, 6 техника жұмылдырылған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай шаралар жыл соңына дейін жалғаспақ. Аймақта әр айдың бірінші бейсенбісінде сенбілік өткізу жоспарланған. Бұл жолғы тазалық шарасына қатысқан адамдардың барлығы күрек, тырма, сыпыртқы, қолғап сынды құрал-саймандармен толық қамтылған. Олар Астана көшесінің бойы, Балықты өзенінің жағалауы тағы басқа да орындарды лас қалдықтардан тазартып, жиналған 55 тоннадан астам қоқыс үйіндісі арнайы жүк көліктерімен қоқыс алаңына жеткізілген.

 – «Жалпы елімізде қолға алынған «Таза бейсенбі» акциясының басты мақсаты - қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру», –  дейді жауапты саланың мамандары. 

                                                                   Айдын КӘЛІМХАН