ГАЗҒА ҚОСЫЛУ ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ

Уақыты: 25.08.2020
Оқылды: 741
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша депратаменті жіберген хабарлама нәтижесі бойынша «СпецСтройБрэнд» ЖШС-нда құрылыс-монтаж жұмыстарының бағалары төмендеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша депратаменті «СпецСтройБрэнд» ЖШС-не жіберген бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі туралы хабарлама нәтижесі бойынша газ құбырларына қосылу үшін газбен жабдықтау жүйелері мен құрылыс қызметтері (құрылыс-монтаж жұмыстары) бағасы 380 000 теңгеден 355 000 теңгеге дейін төмендетілгенін хабарлайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"