Тоқаев Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

Уақыты: 13.12.2023
Оқылды: 622
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетсек, 30 қарашада Сенат Салық кодексіне түзетулер енгізіп, Мәжіліске кері қайтарған болатын.

"Заңды талқылау барысында Мәжіліс қабылдаған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады. Атап айтқанда: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден түсетін құнның сыйақысымен және өсімімен байланысты кірістерге қатысты салық салынатын кірістің азаюын болдырмау жөніндегі нормаларды 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдыру; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша екінші деңгейдегі банктер алған кірістерге қатысты салық салынатын кірістің азаюын болдырмау жөніндегі нормаларды 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізу және Салық кодексінің 3-бабы 2-тармағының тоқтатыла тұрған уақытша нормасының қолданылу мерзімін 2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 1наурызға өзгерту ұсынылады", делінген заң жобасы туралы баяндамада.  

Сурет: akorda.kz