Дулат ИСАБЕКОВ: "Заманбектің қателігі – Назарбаевқа тікелей тиісуі" (ВИДЕО)

Уақыты: 20.06.2024
Оқылды: 1339
Бөлім: САЯСАТ

Бұл пікірді белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков "Kultobe podcast" ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Сұхбат барысында ол Жаңа Қазақстан мен Ескі Қазақстанның саяси жүйесі туралы ойын жеткізді. Сонымен қатар, саясаткер Заманбек Нұрқаділов туралы да пікір білдірді.

– Заманбек мінезінен өзі зардап шекті. Саясатта бүгілмелі, иілмелі болу керек. Бокс бар да, төбелес бар. Сол сияқты. Саясатта адам өте сақтықпен сөйлеуі тиіс. Пікір айтқанда арына тимей айту керек. Заманбектің бір қателігі  Назарбаевқа тікелей тиісуі болды. "Екеуміз де жұртқа танымалмыз айтысайық", - деп Президентке айтуға болмайды. «Мен де Назарбаев сияқты елді басқара алам» деп ашық айтты. Саясатта адам сақ болу керек. Ол ашық кетті. Ал, ашық кеткен адамды құрта салу оп-оңай, – деді Дулат Исабеков. 

Фото: видеодан алынған кадр