Жетісуда есірткімен айналысқандар 10 жылға сотталды

Уақыты: 11.01.2024
Оқылды: 623
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жаркент қаласының үш тұрғынына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қылмыстық топқа қатысушылардың әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Топтың қылмыстық әрекетін анықтауға және жолын кесуге бағытталған арнайы іс-шаралар өткен жылдың жазында Панфилов ауданында өткізілді. Ұзақ жұмыс барысында есірткі сатушылардың әрекеттері ресми түрде құжатталған. Есірткіні (марихуана мен гашиш) өткізу интернет желісін пайдалана отырып, «салу» жолымен жүргізілгені анықталды. Санкцияланған тінту кезінде ұсталғандардан 1 кг-нан астам есірткі тәркіленді», – деп хабарлады ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.

Сотталған адамдар жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде орташа қауіпсіздікте өтейтіні нақтыланады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: zakon.kz