ӘЗӘЗІЛДЕР ЕСІРМЕСІН

Уақыты: 27.01.2024
Оқылды: 2138
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты қадірлі оқырман. Аты өшкір ЛГБТ-ның әзәзілдері ересектерді арбауын ысыра тұрып, мектеп қабырғасындағы оқушыларға аранын аша бастады. Бұрын-соңды естімеген сайт ашып, сайтан сайқалдығын іске асырғысы келеді.

Әуелі «ЛГБТ+» деген не өзі. Соны түсіндіріп өтейін. Бұл сөз «лесбиян, гей, бисексуал, трансген, куир-адамдар» деп тарқатылып жазылады, ал «+» белгісі «тағы басқалары» деген мағана береді. Алайда мұның ішінде оңып тұрған ешқайсы жоқ. Нағыз құдай ұрғандардың өздері. Жер бетінен тыныштық кетіп, түрлі апаттардың орын алуы осындай бір жыныстылардың көбеюінен деп түсіндіреді дін ғалымдары. Олай айтуларынада негіз жоқ емес. Бұл жөнінде Құрандағы қиссаларда айшықтала баяндалады.

Бағзы заманда Лұт есімді пайғамбар өмір сүрген. Оның дәуірінде де арсыздыққа жол беріліп, бір қауым ел тура жолдан тайқыйды. Сол уақытта еркек кіндіктілер бір-біріне үйірсек болып, бар құштарлық ләззаттарын әйел затынан емес еркек-еркектен табады.  Мұны білген Лұт оларға қатаң ескерту жасайды. Бұл азғындықтарын дереу тоқтатпаса Жаратқанның кәріне ұшырайтындықтарын мәлімдейді. Көңіл қалауы мен нәпсінің шырмауына шырматылған екі аяқты хайуан оған құлақ ассын ба? Құрдымға құлар жолды өздері сайлап алады. Пайғамбарды «шынымен елші болсаң Құдайыңның азабын бізге жеткізші» деп келемеждейді. Көп  өтпей залымдарға  айтылған азап жетеді. Төбелерінен қыздырылған тастар бұршақша жауып, сол мекеннің астаң-кестеңін шығарады. Азапталған қауым төңкерілген жердің астына жұтылып ізім-ғайым жоғалады.

Ашық мысал көкірегі ояу жанға түсінікті сабақ, тәтпіштеудің қажеті шамалы. Ал, енді басында айтылған жағдайға оралайық. Оралмасқа айлаң бар ма?! ЛГБТ Қазақстандық балаларға арнап сайт ашты дегенді естігенде жағамазды ұстадық. Санасында сәулесі барлар амалын таба алмай алабұрттық. Жалғыз сауал бұған кімдер, неге жол берді дейміз. Сайт ашу оңай шаруа емес. Оғанда рұқсат пен қыруар қаржы керек.

Көп даурыға бермей ең әуелі әлгі сайтты көріп шықпаққа бекенідік. Сілтемесін тауып, одан ары өтіп ішіндегі жазбаларға көз жүгірттік. Жанашырлық, тұнған мейрім мен тәтті сөздің бәрі осының ішінде екен. Әрине, санасы сергек адам болмаса мынандай жалған шырынды сөздерге бала тұрмақ, ересектердің өзі арбалып қалатындай.

Сайтқа кірсе барлығы түсінікті. Ол жерде ең алдымен ата-аналарды үгіттейді. Баласының таңдауына қарсы болмауын, кейін ұрпағы лесбиян, гей болып шықса оған түсіністікпен қарау керек дегенге әңгіме ауанын ауыстырады. Сайтта құдай жөнінде, тәлім-тәрбие тұрғысында сөз қозғап келіп, жымысқы әрекеттеріне көшіп кететінін аңғармай қалуыңыз мүмкін. Сондықтан бұл жерге сауатты көзқараспен қарау керек-ақ.

Қитұрқы істеріндегі ойларын былай түйіндей; «Қоғамда әртүрлі адамдарға неғұрлым көбірек құрмет көрсетілсе, соғұрлым ЛГБТК+ адамдар тез үйреніседі, шешуі керек проблемалары азаяды және адам жасайтын қарапайым жұмысқа көбірек күш қалады. Сондықтан ЛГБТК+ адамдарды қолдау маңызды» - дейді. Иә, шатыпты дегің-ақ келеді. Қолдау көрсету былай тұрсын тумысна жат дүниені қазақтың бойына әкеліп таңғысы келеді. Мұндай жиіркенішті әрекеттерге ұлт болып ұйысып қарсы тұрмасақ, ертеңгі күні ұрпғымызды танымай қалумыз бек мүмкін.

Сайт қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Онда қарым-қатынас, ғашықтық, ұлмын ба, қызбын ба күмәнді деген тақырыптарға арналған бөлімі де бар. Құлаққа түрпідей тиіп, жаныңды жиіркентетін ойлар мақала, мақала болып жазылып әр бетінде жүр. Оған біржыныстылықты қолдаған гей, лесбиян ғалымдардың пікірін қосыңыз, опындырмаса адамдық қасиетіңді оңға шығармайды. Оларды да ғалымдар дейді екен-ау, ардан безгендер ғалым деп айдар тағу да жиіркенішті.

Ол сайтты жарнамалағымыз келмеген соң сілтемесін көрсетіп, атын жазуды құп көрмедік. Құрдымына жас өскіндерімізді тартып кете ме деген себептен.

Біреулер елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында ЛГБТ идеясының кең құлаш жаюына мүдделі ме деген ой мазалайды. Әйтпесе, мынандай сайт жасауларына не түрткі? Қазақ руханиятын құрту үшін әдейі істелінген айла-шарғыларының бірінші соққысы ма бұл? Сұрақ көп жауабын биліктегілер бел шеше кірісіп таппаса, саналы халық түбегейлі сап тыйлып отыра алмасы анық.

Осы тұста қалың қараша Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан аталған сайттың бұғатталуын сұрайды. Орынды-ақ, өйткені құс екеш құс та балапанының зиянкестерден зәбір көрмеуін тілейді, оның жанында біз сана иесі адамбыз. Адамның да шырылдауға хақы бар.

Медет ЖҰМАБАЙ
Фото: unsplash