Жетісу облысындағы психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері синтетикалық есірткіден уланған адам өмірін арашалап қалды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы 24KZ сайтына сілтеме жасап.
Бірнеше күн бұрын ауыр халде түскен науқасқа дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетті. «Ем-дом шаралары нәтижесінде науқастың денсаулығы жақсара бастады», - дейді дәрігерлер.
Наркологтар химиялық қоспадан жасалған синтетикалық есірткі аса қауіпті деп отыр. Себебі оны бір рет пайдаланғаннан кейін тәуелді боласыз. Мекеме қызметкерлері ішімдік пен әртүрлі зиянды заттарға әуестігі бар 3600-ден аса адамды тіркеуге алған. Қазір орталықта солардың 64-і емделіп жатыр.
- 2023 жылы Жетісу облысының психикалық орталығы 1712 науқасты емдеп шығарды. Соның ішінде синтетикалық есірткімен емделгендердің пайыздық үлесі 15% құрайды. Синтетиекалық есірткіні пайдалану кезінде, масаю кезінде адамның уақытқа бағдары, қоршаған ортаға, өзінің іс-әрекетіне деген есеп беруі жоғалады. Сонымен қатар психикалық денсаулығына өрескел зиян келеді, - дейді облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Еркебұлан Молдаханов.
Фото: astrakhan.kp.ru