Заңсыздықтың алдын алу

Уақыты: 15.12.2017
Оқылды: 1178

Бүгінде заңсыз табиғат байлығына қол сұғушылар қатары көп. Арнайы құжатсыз балық аулау, аң-құс ату белең алған жағдайда құзырлы орындар алдын алып, оларға тосқауыл қойып келеді. 

Мысалға оңтүстік батыс Алакөл инспекция бөлімі биылғы жылға балықты заңсыз алаған 1 қыркүйек айынан бастап, 67 рейдтік жұмыс жүргізіп, 39 тұлғаны  әкімшілік жауапкершілікке тарттық.  Тиісті баптарға сәйкес хаттама толтырылса,       8 істі сот қарауына жібердік. Қыркүйек айынан бастап табиғат байлығына келтірілген залалдың құны есептеліп, салынған айыппұлдан 669355 теңге өндіріліп, мемлекет қазынасына құйылды. Мұнымен қоса көктем, жаз айларында «Таза су» акциясын өткізіп, айдын көлдің жағасы тазартылды. Заңсыз балық аулаушылар рұқсат етілмеген ау құралдарын пайдаланғаны үшін жауапқа тартылып жатады. Осындай табиғаттың тазалығына нұқсан келтіретін Қытайдың полиэтиленнен жасалған ау құралын тәркілеп немесе көл жағасына тастап кеткен ескі ау-құралдарды жинап, су жағасында өртелді. Мұнан кейін де өзегі үзіліп қалған көлшіктердегі шабақтар ауланып, оларды көлге жіберу жұмыстары да жүйелі жүргізіліп келеді. Әр кез табиғат пайдаланушыларымен кездесіп, су айдындардағы тазалық пен заңсыздықтың орын алмауы жайлы әңгіме қозғалып, үнемі бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырып тұрамыз. Табиғат адам баласының байлығы, оны күтіп ұстау әр адамның борышы. Осыны жете түсінген адам нағыз туған өлкесінің патриоты деп ойлаймыз. Олай болса, табиғатты аялай білейік!

А. Екетайұлы, 
оңтүстік батыс-Алакөл инспекциясының басшысы,
Б. Тұмбаев,  
оңтүстік батыс-Алакөл инспекциясы бөлімінің бас маманы.