Алғашқы хоккей турнирі

Уақыты: 18.01.2018
Оқылды: 1716

Талдықорған қаласында алғаш рет оқушылар арасында xоккейден турнир өтті. №12 орта мектептің мұз айдынында ұйымдастырылған жарысқа 14 команда қатысты.

Облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы өткізген турнирдің ашылу салтанатында "Хоккей ең қызықты ойынның бірі. Нағыз ер азаматтардың шұғылданатын спорты", - деген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мектептерде қыстық спорт түрі дамитынын айтты. Сондай-ақ, өңір басшысының орынбасары ардагер xоккейшілермен бірге жас споршылар назарына арнап тартысты ойын көрсетті.

Қыстың қақаған аязына қарамастан, жастардың жанары жалын атып, жеңіске ұмтылды. Бірінші орынды №8 мектептің оқушылары қанжығалады. Ал екінші орын - №1 мектеп, үшінші орын - №12 мектеп споршыларына бұйырды.

Жеңімпаздарға жаттығу залы мен бассейнге жолдама, смарт сағаттар табысталды.

 Думан Кеңшілік