ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 02.02.2018
Оқылды: 937

Талдықорғанда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар» спорт сарайында Астана күнінің 20 жылдығы мен «Жемқорлыққа жол жоқ» акциясы аясында мәдениет қызметкерлері арасында VI спартакиада өтті. Спорттың 7 түрінен өткен шараға 8 команда қатысты.

Шағын футбол, волейбол, қолкүрес, теннис, шахмат, тоғызқұмалақ, гир көтеру ойындары бойынша өткен жарыс тартысқа толы болды. Сайыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Сүйінбай атындағы  филармония 1-ші орынды, М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі мен көркемсурет галереясының құрама командасы 2-ші орынды, облыстық архив мемлекеттік мекемесі жүлделі 3-ші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы спартакиада кубогімен, дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
                         
 

Темірлан АЙТБАЕВ,
ЖМУ-дің студенті