ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Уақыты: 05.02.2018
Оқылды: 1399

     Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыда атқарылатын жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе.


      Болашағымыз деп үміт артқан жастарымыздың дені ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жатқаны да көңіл құлазытпай қоймайды. Атқа мініп, ауылдың таза ауасымен тыныстап, топырағына аунап өсуге тиісті бүгінгі жасөспірімдер әлжуаз болса, онда біздің болашағымыз да бұлыңғыр. Сол себепті, балаларды жастайынан спортқа бейімдеу басты мақсатымыздың бірі болуға тиісті. 
Сол мақсатта Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылының тұрғыны Досмұханбет Балтабек Базарбайұлы немерелерінің дене тәрбиесімен тікелей өзі айналысады. Балтекең сол еңбегінің нәтижесін немересі Нұрлыбектің жеңісінен көрді. 
     Нұрлыбек Досмұханбет Алматы қаласында муайтайдан балалар және жасөспірімдер арасында  өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 24 келі салмақта 1-ші орын алды. Атасының мақтанышы Нұрлыбек бүгінгі таңда Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Шоқан Уәлиханов мектебінің 2-сынып оқушысы.
      Жеңісің құтты болсын, талабыңа нұр жаусын, балапан!

Ришад ТҰРҒАНБАЙ.