ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Уақыты: 28.02.2018
Оқылды: 1342

Алматы облыстық ІІД-нің  арнайы жасақ сарбазы Мади Досмұхаметов Алматыда джиу-джитсу спjрт түрінен өткен Қазақстан Республикасы чемпионатына барып, өңіріміздің абыройын асқақтатып қайтты.

Қарсыластарын қоғадай жапырған полиция лейтенанты 84 келі салмақта бірінші орыннан көрінді. Ендігі кезекте ол сәуір айында Бішкекте өтетін Азия чемпионатынада бағын сынайды. Спортшыны Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Мұрат Ұрымханов қабылдап, алдағы жарысына жеңіс тіледі. Сондай-ақ, чемпионға арнайы диплом, медаль және кубок табыстады.