БОКСШЫЛАР ОЛИМПИАДА АЛДЫНДА БІР АПТАҒА ДЕМАЛЫСҚА ШЫҚТЫ

Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 248

Осы жылдың басты додасы Париж Олимпиадасының алдында боксшылар бір аптаға демалып, тынығу үшін үйлеріне тарап кетті. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтты.



 

Біз осыған дейін Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында жаттығу жиынын сәтті өткіздік. Жігіттеріміз нағыз бабында деп ойлаймын. Кеше ғана барлық боксшыларды бір аптаға үйлеріне таратып жібердім. Олар да Олимпиада алдында өздерінің отбасында, ата-анасының қасында демалып, тынығып алсын дедік. Бір аптадан кейін қайта жиналамыз. Олимпиадаға соңғы дайындықты Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында 9-21 шілде аралығында өткізуді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, Олимпиада ойындарында оңай қарсылас жоқ екенін, десе де, жүлде үшін шәкірттері аянып қалмайтынын атап өтті.
 

"Олимпиада ойындарына әлемнің ең үздік боксшылары барады. Ол жерге баратын боксшылар оңай шағыла қалатын жаңғақ емес. Сондықтан, әр жекпе-жек оңай болмасы анық. Десе де, біз жүлдеге таласуға, Олимпиаданың жеңіс тұғырынан көрінуге бар күшімізді саламыз. Басты мақсатымыз – кемінде бір алтын алу", - деді бас бапкер Мырзағали Құланұлы.