«TALADYQORGAN CUP» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 16.09.2024
Оқылды: 161

БиылТалдықорғанныңқаламәртебесіналғанына 80 жыл. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығындағы «Жастар» спорт сарайында қала әкімінің кубогі үшін «Тaldyqorgan CUP» футзалдан ересектер арасында ашық турнирдің финалы өтті.


Ұйымдастырушылардың сөзінше,жалпы жарысқа Жетісу, Алматы облыстарымен қатар Алматы қаласының кәсіби спортшылардан құрылған 16 команда қатысқан.Ашық турнирдің бірінші күні ширек финалға қатысқандар арасынан «Сәнік Алматы» — «Алсьар-Мансур», «Қазақтелеком» — «Zhetysu Champions», «FC Bakanas» — «Қазавтожол» және «Қонаев» — «Zigi Zagi» командалары үздік шығып финалдық сайысқа жолдама алған еді.Ал, финалдық бәсекеде, «Алсьар-Мансур» – «FC Bakanas» командалары кездесіп, 4:3 есебімен қарсыласынан басым түскен «Алсьар-Мансур» командасы турнирдің жеңімпазы атанып, 1 миллион теңге қаржылай сыйақыға ие болды.

Жиналған спорт сүйер қауым алдында сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл жалпы жұрттықала күнімен жәнежарыс жеңімпаздарын жүлделі орындарымен құттықтап,түрлі номинациялар бойынша сый-сияпаттартабыстады.

Сонымен тартымды да тартысты өтіп, екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша, І – орын жүлдесін алдына қара салмаған алматылық «Альсар-Мансур» командасы еншілесе, ІІ - орынға тағы да Алматы қаласынан келген «FC Bakanas» командасы табан тіреді. Ал, үздік үштікті Талдықорған қаласының «Қазактелеком» командасы місе тұтса, төртінші орынды алматылық«Zigi Zagi» командасы жеңіп алды.

                                                                          Айдын КӘЛІМХАН