ЖАС ЧЕМПИОН

Уақыты: 20.07.2018
Оқылды: 1161

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі  шыдамды, шымыр болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» немесе «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Әсіресе, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз.

Осы орайда әңгімемізге арқау болып отырған спорт құмар бүлдіршініміз Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны атасының баласы Досмұхамбет Нұрлыбек. Досмұхамбет Балтабек  немерелерінің дене тәрбиесімен тікелей өзі айналысады. Нұрлыбек атасының темірдей тәртібінің арқасында шынығып, түрлі спорттық жаттығуларды қиналмастан жасап үйренді. Биыл 2-сыныпты тамамдаған Нұрлыбек 24 келі салмақта муайтайдан Қазақстан Республикасы чемпионатының бас жүлдегері. Бір жарым жылда муайтай спортынмен тереңірек шұғылданып, табандылығының арқасында 36 марапатқа ие болды. Талабыңа нұр жаусын! Еліміздің байрағын көкте желбірететін спортшы болуыңа нық сенеміз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ